Жарқыраған Bespoke Gold түсімен әрленген бұл модельде Pearl Beige және ақ түсті төбе үйлесім тапқан, ал сұлбасын шанақ түсінің ендірмелері бар сатинді, алмазды өңделген 23 дюймдік соғылған дөңгелек дискілері толықтырады. Қара түсті тежегіш суппорттары айқын контраст береді, ал ерекше Anthracite және Silver Chrome жинағы мен алтын түсті тор бөлшектері күнге шағылысқан құмдай жарқыраған сәнді бейнені толықтырады.
Салонда тыныштық пен үйлесім басым. Caraway және Perlino былғары орындықтары контрасты тігіспен әрленген, ал салонды Natural Cream Ash Burr түстес қаптама мен Noble Chrome сәндік элементтері толықтырады. Perlino былғары төбе жабыны мен mohair Caraway төсеніштері жайлылықты арттырады, ал кестеленген орындық жастықшалары мен сәндік жастықтар қолмен жасалған даралықты сезіндіреді.
Арнайы жасалған табалдырықтардың төсеніштерінен бастап, жел ұшырған құм төбелерінен шабыт алған пішіндерге дейін Born of the Sand Edition — сирек кездесетін бірегей туынды. Инновация мен табиғи сұлулық тоғысқан сәт. Бұл модель бар болғаны жеті дана ғана шығарылады.
SV Bespoke-пен бірге жасалған Range Rover көлігіңіз — нағыз бірегей туынды.
Арнайы SV Bespoke сарапшысымен дизайн бойынша жеке кеңесіп, өзіңізге бейімделген сәннің соңғы көрінісін бірге жасау арқылы дербестендірудің бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерін қолданыңыз.