ЖАҢА RANGE ROVER SPORT SV EDITION ONE

Аспасының, тежеу жүйесінің және күштік қондырғысының инновациялық технологияларына ие болған бұл Range Rover Sport тарихтағы ең тез және динамикалық нұсқаға айналды. SV Edition One автокөліктерінің бәрі брондалып қойған, әйтсе де байланыс ақпаратын қалдыру арқылы сіз алғашқылардың бірі болып Range Rover Sport SV автокөлігінің басқа нұсқалары туралы біле аласыз.

ШЕКАРАЛАРДЫ КЕҢЕЙТЕ ОТЫРЫП

Озық инновациялар жол талғамайтын көлікке арналған ілгерінді технологиялармен бірге. Жалған жұпынылықсыз ең үздік сипаттамалар.

РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДИНАМИКА

Жайлылыққа нұқсан келтірместен шыңдық қуаттан ләззат алыңыз. 6D динамикалық пневматикалық аспасы бойлық және көлденең тербелісті толықтай дерлік жояды. Бұл технология жол талғамайтын көлікте алғашқы дебюттік қолданысқа енгізілуде және бұл динамикалық әлеуетті толық ашу үшін Range Rover Sport SV EDITION ONE әбден жетілдірілген шассиімен үйлеседі.

МУЗЫКАНЫ СЕЗІНІҢІЗ

Автокөліктерге арналған виброакустикалық шешімдердің жаңа буыны саладағы көшбасшы SUBPACТМ технологиясының арқасында мультисенсорлық дыбысты қамтамасыз етеді. Body And Soul (BASS) инновациялық орындығында алты түрлі сауықтыру бағдарламасы қолжетімді. Музыканы жай ғана тыңдаудың орнына — оны сезініңіз.
SV-НІҢ БҮКІЛ ҚУАТЫН АШЫҢЫЗ

SV-НІҢ БҮКІЛ ҚУАТЫН АШЫҢЫЗ

Руль дөңгелегіндегі көмескі жарығы бар түйменің көмегімен SV Mode режимін іске қосыңыз. Автокөлік жол саңылауын 15 мм-ге төмендете отырып толық дайындық күйіне келеді. Енді дроссельді жапқыштың анағұрлым тез жауап әрекетін, берілістердің анағұрлым тезірек ауысуын, қолдарыңыздағы рульмен басқарудың салмағын сезініңіз де, түтін шығару жүйесінің қанық дыбысынан ләззат алыңыз.
МӘНЕРЛІ ДЫБЫС

МӘНЕРЛІ ДЫБЫС

Белсенді түтін шығару жүйесі жоғары өнімділікті SV автокөліктеріне тән мәнерлі дыбысты ғана қамтамасыз етіп қоймай, шекті айналымдар үшін қажетті оңтайлы термореттеуді де кепілдендіреді. Төрт келте түтіктері бар түтін шығару жүйесі тот баспайтын болаттан және көмірпластиктен жасалған әрлемеге ие болды.
ҚУАТТЫ ЖӘНЕ СЕЗІМТАЛ

ҚУАТТЫ ЖӘНЕ СЕЗІМТАЛ

Ерекше баптауларға ие болған 635 аттың күші, қос турбоайдауышы және «жұмсақ» гибрид технологиясы бар 4,4 литрлік V8 қозғалтқышы бұл Range Rover-ді тарихтағы ең қуатты ғана емес, ең жүйрік нұсқаға да айналдырады. Лезде жауап қатуды және айрықша басқарылуды қамтамасыз ете отырып, ол шыңдық қуатты бұған дейінгілерден әлдеқайда тиімді береді.

МӘНЕРЛІ КЕЛБЕТ

Бірден шынайы ниетін білдіре отырып, Range Rover Sport SV EDITION ONE мінсіз пропорциялар мен функционалдық әдемілікті үйлестіреді. Оңтайлы өнімділікті қамтамасыз ету үшін ауа ағыны мұқият реттеледі, ал аласалау жол саңылауы бұлшықетті, ойластырылған эстетиканы одан әрі айшықтап көрсетеді. SV Mode режимі көлік жүргізуден көбірек шабыт алу үшін жол саңылауының биіктігін қосымша азайтады.

СӘН-САЛТАНАТТЫ СЕЗІНУ

Интерьер дизайны автокөлік пен жүргізушінің арасындағы байланысты бейнелейді: қуатты спорттық мінез талғампаздықпен және жайлылықпен үйлеседі.
ЗАМАНАУИ ЖАЙЛЫЛЫҚ

ЗАМАНАУИ ЖАЙЛЫЛЫҚ

Жеңілдетілген орындықтар дизайны жайлылық пен тиімділіктің шынайы заманауи деңгейі үшін 3D Knit zero waste технологиясы қолданыла отырып UltrafabricsТМ материалымен толықтырылған.
ҚОЛДАРЫҢЫЗДАҒЫ КҮШ

ҚОЛДАРЫҢЫЗДАҒЫ КҮШ

Қолдарыңыздағы күшті сезініңіз. Руль дөңгелегі бас бармақтарға арналған рельефті ойықтармен және тактильді сезімдерді жақсарту үшін жарықтандырылған жиектері бар инновациялық жартылай мөлдір руль астындағы берілістерді ауыстыру құлақшаларымен жабдықталған. Автокөліктің шынайы әлеуетін ашу және салонды қызыл түсті көмескі жарыққа толтыру үшін SV Mode түймесін басыңыз.
ӘРБІР БӨЛШЕККЕ КӨҢІЛ БӨЛУ

ӘРБІР БӨЛШЕККЕ КӨҢІЛ БӨЛУ

Әрбір бөлшектегі талғампаздық. Range Rover Sport SV EDITION ONE элиталы сағаттардағы секілді гауһар тасты ұстағандай жағымды сезім тудыратын негізгі жанасу нүктелеріндегі Black Ceramic сәндік элементтеріне ие болды.

ӨЗ RANGE ROVER SPORT SV АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ТАҢДАҢЫЗ

Range Rover Sport SV EDITION ONE үшін үш ұсынылатын ерекшелейтін түстер схемасы қолжетімді, әрқайсысы ортаңғы консольдегі, алдыңғы сплиттердегі, табалдырықтардың жапсырмаларындағы және сәлемдесу жарығындағы бірегей бренд белгісімен.

CARBON BRONZE MATTE

Сенімді келбет. Шанақ түсіне боялған көмірпластик капотымен, 23 дюймдік Carbon Fibre Satin Grey Tint дискілерімен және Cinder Grey and Ebony ТМ Ultrafabrics матасымен әрленген интерьерімен бірге Carbon Bronze Matte эксклюзивті шанақ түсімен ұсынылады.
КОНФИГУРАТОР

ЖАҢА ДҮНИЕМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

RANGE ROVER SPORT EDITION ONE

RANGE ROVER SPORT EDITION ONE

Шекараны итермелейтін инновация.
RANGE ROVER SPORT ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУ

RANGE ROVER SPORT ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУ

Басқа деңгейде.
RANGE ROVER SPORT ЖИНАҚТАМАЛАРЫ

RANGE ROVER SPORT ЖИНАҚТАМАЛАРЫ

Барлық қолжетімді жинақтамалармен танысыңыз.

When fitted with Carbon Ceramic Braking System and Carbon Fibre wheels

Шынайы пайдалану жағдайларындағы электрлі тарту күшімен күтілетін жүріс қоры — км-ге дейін.
800 Н·м ІЖҚ гибридті және Dynamic Launch Mode жүйесі бар жұмсақ гибридті (MHEV) жұмыс режимінде 
Тежеу жүйесі Carbon Ceramic Matrix жүйесімен және көмірпластикті әрлемесі бар дөңгелек дискілерімен жабдықталған жағдайда
Стандартты клиренс
Отыру биіктігін автоматты түрде таңдау функциясы болған жағдайда мән келесі шамаға кемиді
Бұл көрсеткіштер SV модельдерінде әртүрлі болуы мүмкін.

03.03.2023 жылғы ахуалға сәйкес сыныптағы ең жақын бәсекелеспен салыстырғанда.
2019 жылдан 2022 жылға дейін Discovery Sport моделі үшін әлем бойынша 30 елде жинақталған InControl жүйесінің деректеріне негізделіп есептелген орташа күндік жүрілетін жол (51 км). Батарея толық зарядталған болған жағдайда.