БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ЖАҢАРТУ

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ЖАҢАРТУ

ІСКЕ ҚОСУ НЕМЕСЕ ЖАҢАРТУ?

Өз Land Rover автокөлігіңізді ақпараттық-ойын-сауық жүйесі арқылы жаңартуыңызға болады. Жаңартулар
Land Rover автокөлігіңізде жүйелердің ең соңғы нұсқаларының болуын және олардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

Ескірек автокөліктер үшін алдымен бағдарламалық құралды жаңарту функциясын іске қосу қажет болуы мүмкін. Жаңарақ автокөліктер үшін жай ғана ескертуді
алғаннан кейін актуалды жаңартуды орнату уақытын таңдау қажет.

ІСКЕ ҚОСУ

ІСКЕ ҚОСУ

2020 жылға дейін тіркелген модельдер үшін егер бұл функция әлі іске қосылмаған болса, бағдарламалық құралды жаңартуды қосып қою қажет. Іске қосқаннан кейін бағдарламалық құралдың соңғы нұсқасын жүктеп алуыңызға болады. Ол үшін сенсорлық экранды бірнеше рет түрту жеткілікті.
ЖАҢАРТУ

ЖАҢАРТУ

2020 жылы немесе одан кейін тіркелген модельдер үшін автокөлігіңіздің бағдарламалық құралын «ауа арқылы» жаңарту технологиясы Land Rover автокөлігіңізге кез келген қолайлы сәтте орнатып алуға болатын сымсыз жаңартуларды автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ СЫМСЫЗ ЖАҢАРТУДЫ ҚАЛАЙ ІСКЕ ҚОСУҒА БОЛАДЫ

1-ҚАДАМ — ҚОСЫЛУ

1-ҚАДАМ — ҚОСЫЛУ

Сенсорлық экранда «Баптаулар» белгісін басыңыз және «Барлық баптаулар» бөліміне кіріңіз. «Байланыс» мәзіріне өтіңіз және мобильді деректерді жіберу функциясын «Қос.» күйіне қосыңыз немесе автокөліктегі Wi-Fi байланысын іске қосыңыз.
2-ҚАДАМ — ҚОСУ

2-ҚАДАМ — ҚОСУ

«Барлық баптаулар» бөліміне қайтып оралыңыз және «БҚ жаңарту» тармағын таңдаңыз. Бұл мәзірде бағдарламалық құралды жаңартуды қосуға болады. Егер ол өшірулі болса, бағдарламалық құралды жаңартуды «Қос.» режиміне ауыстыру үшін жай ғана Power түймесін басыңыз.
3-ҚАДАМ — МАҚҰЛДАУ

3-ҚАДАМ — МАҚҰЛДАУ

«Ережелер мен шарттар» қалқымалы терезесі пайда болған кезде бағдарламалық құралдың жаңартылуын іске қосу үшін «Қабылдау» пернесін басыңыз.

СЫМСЫЗ ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫҢ ЖАҢАРТУЫН ҚАЛАЙ ОРНАТУҒА БОЛАДЫ

1-ҚАДАМ — ЖАҢАРТУДЫ ІСКЕ ҚОСУ

1-ҚАДАМ — ЖАҢАРТУДЫ ІСКЕ ҚОСУ

«Баптаулар» > «Барлық баптаулар» > «Бағдарламалық құралды жаңарту» мәзіріне өту және «Жаңартулардың бар-жоғын тексеру» пернесін басу арқылы InControl Touch Pro бағдарламалық құралының жаңартуларының бар-жоғын тексере аласыз. Егер жаңарту қолжетімді болса, сенсорлық экранда «Қазір орнату», «Кейінірек еске салу» немесе «Жаңартуды өткізіп жіберу» үш түрлі нұсқасы бар қалқымалы терезе пайда болады
2-ҚАДАМ — ОРНАТУ

2-ҚАДАМ — ОРНАТУ

«Қазір орнату» түймесін басқаныңыздан және ережелер мен шарттарды қабылдағаныңыздан кейін жаңарту басталады. InControl Touch Pro жүйесі жаңартылып жатқан кезде автокөлікті әдеттегі режимде пайдалануды жалғастыруыңызға болады.
3-ҚАДАМ — АЯҚТАУ

3-ҚАДАМ — АЯҚТАУ

Жаңарту сәтті аяқталғаннан кейін сенсорлық экранда хабарлама пайда болады. Енді автокөлігіңіздің бағдарламалық құралы жаңа нұсқасына дейін жаңартылған.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫҢ ЖАҢАРТУЫНЫҢ ШЫҒАРЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТПЕ

Төменде келтірілген сілтемелерді қолдана отырып бағдарламалық құралдың әрбір жаңартуының мазмұнымен танысыңыз:

БӘРІН АШУ
19A3 — БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫҢ ШЫҒАРЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТПЕ
19A4 — БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫҢ ЖАҢАРТУЫНА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТПЕ
19B — БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫҢ ШЫҒАРЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТПЕ

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ЖАҢАРТУ ТУРАЛЫ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

БӘРІН АШУ
ЖАЛПЫ ШОЛУ
АВТОКӨЛІКТІ ҚАЛАЙ ҚОСУҒА БОЛАДЫ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫҢ ЖАҢАРТУЛАРЫН ҚАЛАЙ ІСКЕ ҚОСУҒА БОЛАДЫ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ЖАҢАРТУДЫ ҚАЛАЙ ОРЫНДАУҒА БОЛАДЫ
ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ЖОЮ