Land Rover компаниясы серіктес ретінде Born Free қорымен 2002 жылы жұмыс істей бастады. Біз алдағы бес жылдың ішінде автокөліктер бөле және жобаларға қолдау жасай отырып, қорға практикалық көмек көрсетуді өзіміздің міндетіміз деп есептейміз. Бұл біздің біртұтас жаһандық әлеуметтік-экологиялық жауапкершілікті қамтамасыз ету тәсіліміздің куәлігі.
Жаңа серіктестік бағдарламасының шеңберінде Born Free қоры Land Rover автокөліктерін Кенияда, Эфиопияда, Үндістанда және ОАР-да далалық қайырымдылық зерттеулерге қолдау көрсету үшін пайдаланатын болады. Қосымша қолдау Африка мен Оңтүстік Азияның басқа аймақтарында тірі табиғатты қорғау бойынша бастамаларды жүзеге асыруға ықпал ететін болады. Қордың өзі орналасқан Ұлыбританияда Land Rover компаниясы қорды материалдық-техникалық қамсыздандыру және оны таныту саласында көмектеседі.
Британ империясы Орденінің кавалері және Born Free қайырымдылық қорының президенті Уилл Треверс: «Born Free қоры тірі табиғатты қорғау бойынша алғы шептерде жүр, және біздің жетістіктеріміз үшін біз көп жағынан Land Rover компаниясына қарыздармыз. Біз үшін өтуі шын мәнінде қиын жерлерге жету ғана емес, қойылған тапсырмаларды сәтті орындау да аса маңызды. Қорғау, қауіпсіздік және сенімділік — біздің басымдығымыз» деп мәлімдеді.