ЭЛЕКТРМОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ЗАРЯДТАУ

Зарядтау станциясында тұрған күңгірт сұр түсті Range Rover Sport Eiger

АВТОКӨЛІКТІ ТҰРАҚҚА ҚОЙҒАНДА ЗАРЯДТАП АЛЫҢЫЗ

Үйде зарядтау кезіндегі барынша ыңғайлылықтан және қаражатты үнемдеуден өзге межелі орындағы зарядты уақтылы толтыру жүріс қорын күні бойына ұлғайтуға көмектеседі.

ҮЙДЕН АЛЫС ЖЕРДЕ АВТОКӨЛІКТІ ҚАЙДА ЗАРЯДТАП АЛСАМ БОЛАДЫ?

Сауда орталықтарын, спорт залдарын, автотұрақтарды және тіпті кеңселерді қоса алғанда, тез ұлғайып келе жатқан зарядтау пунктілері желісінің есебінен автокөлікті тұрақта тұрған кезінде зарядтап алудың көптеген жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Және мұндай пунктілерді табу өте оңай.

АВТОКӨЛІКТІ ҮЙДЕН ТЫС ҚАЙДА ЗАРЯДТАП АЛСАМ БОЛАДЫ?

Зарядтау станциясына қосылу үшін автокөлік аралас зарядтау жүйесімен (CCS) жабдықталған. Ол айнымалы токпен баяу зарядтауға, сондай-ақ тұрақты токпен жылдам зарядтауға мүмкіндік береді (кейбір модельдерде). Кейбір басқа автокөлік өндірушілері зарядтау үшін басқа жүйелерді пайдаланады, мысалы, CHAdeMO. Олар Range Rover электрмобильдерімен үйлеспейді.


Тұрақты токпен зарядтау пунктілері әдетте сауда кешендері, спортзалдар және автотұрақтар сияқты жерлерде орналасқан. Тұрақты токпен жылдам зарядтау пунктілері көбінесе автомагистральдарда және жалпы пайдаланыстағы жолдарда орналасқан.

Зарядтау станциясында тұрған күңгірт сұр түсті Range Rover Sport Eiger

АЙНЫМАЛЫ ТОКПЕН ЗАРЯДТАУ

Қоғамдық айнымалы токпен зарядтау пунктілерінің көбінде өзіңіздің жеке кабеліңізді қолдануыңыз қажет, сондықтан барлық қосылатын және PHEV автокөліктерінің стандартты 2жинақтамасына айнымалы токпен зарядтауға арналған кабель кіреді. Бұл кабель үйде зарядтау станциясына қосылу үшін де қолданылады.
Тұрақта тұрған Range Rover Velar PHEV станциясында зарядталуда

ТҰРАҚТЫ ТОКПЕН ЖЫЛДАМ ЗАРЯДТАУ

Үйден тыс зарядтаудың ең жылдам тәсілі. Айнымалы токпен жылдам зарядтауға арналған станциялар жеке кабельдерімен жабдықталған, сондықтан автокөліктің жеке кабелін қолданудың қажеті жоқ.

ЗАРЯДТАП АЛУ АҚЫСЫН ҚАЛАЙ ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ?

ЖАҢА ДҮНИЕМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

Жол бойындағы зарядтау станциясында тұрған жаңа Range Rover

ЭЛЕКТРМОБИЛЬДІ ЗАРЯДТАУ 

Зарядтап алу уақытынан бастап, қаражатты үнемдеуге дейін — автокөлігіңізді үйде немесе арнайы орында зарядтап алу жөнінде сізді қызықтыратын барлық ақпаратты біліп алыңыз.
ҮЙДЕН ЗАРЯДТАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ОРНАТУ

ҮЙДЕН ЗАРЯДТАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ОРНАТУ

Кәсіби түрде орнатылған үй зарядтағыш автокөлікті зарядтаудың ең оңай әрі ыңғайлы әдісі болып табылады.

1InControl функциялары мен опцияларының қолжетімділігі нарыққа байланысты. Еліңіз үшін қолжетімділік және толық талаптар туралы ақпаратты ресми дилерден нақтылап алыңыз. Кейбір функцияның жұмысы үшін деректерді беру бойынша келісімшарт аясында ұсынылған sim-карта қажет, бұл бастапқы кезеңнен кейін дилеріңіздің кеңесімен қосымша жазылуды қажет етеді. Мобильді желінің барлық жерде қамтылатынына кепілдік жоқ.


2Электрмобиль кабелін тек таңдаулы нарықтардан сатып алуға болады. Жергілікті сатушыға хабарласыңыз.