Дөңес «қалқымалы» сенсорлық дисплейі бар Pivi Pro¹ жүйесі ақпараттық ойын-сауық мүмкіндіктеріне толы. Discovery кез келген шытырман оқиғаларға дайын.
Электр күшімен 60 км дейін* еңсере алатын қосылатын гибрид жетегі (PHEV) бар автокөлік*ыңғайлылығымен және әмбебаптылығымен ерекшеленеді. Тұрақты токпен 0-ден 80 %-ға дейін тез зарядтау үшін шамамен 30 минут кетеді‡ .
Біздің дизайнерлер кемеліне жеткізген бұл нұсқалардың бойында жолсыз жермен жүру қабілеті мен тиімділік үйлесім тапқан әрі ол қазірден бастап тапсырыс беруге қолжетімді.
Үш модельдің бірін таңдап, автокөліктер тобымен танысыңыз.
Бұл деректер толық зарядталған батареямен ЕО заңнамасына сәйкес жүргізілген өндірушінің ресми сынақтарынан алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. CO шығарындылары2отын үнемдеу, энергия тұтыну және жүріс қоры көрсеткіштері көлік жүргізу стилі, қоршаған орта жағдайлары, таситын жүктің салмағы, орнатылған дөңгелектер және қосымша жабдық, нақты бағыт және аккумулятордың жай-күйі сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қоры бойынша деректер стандартты бағдармен жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген.
‡Зарядтау уақыты көптеген факторларға, соның ішінде автокөліктің жасына және күйіне, қоршаған орта температурасы мен батарея зарядының деңгейіне, сондай-ақ зарядтау құрылғысы мен зарядтау ұзақтығына байланысты ауытқуы мүмкін.
1Connected Navigation сервисіне жазылымның қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін, оны Land Rover ресми дилеріне хабарласып, ұзартуға болады.
2Тек үйлесімді смартфондар үшін. Қолжетімділік пайдаланылатын мобильді желіге, сигнал деңгейіне және клиенттің есептік жазбасына байланысты. Мобильді деректер желісі немесе Wi-Fi қажет. Интернет арқылы бағдарламалық құралды жаңарту мүмкіндігі жүргізушінің келісімін талап етеді және желіге қосылу ерекшеліктері мен нарықтағы қолжетімділікке байланысты болады.
Meridian — Meridian Audio Ltd компаниясының тіркелген сауда маркасы. Trifield, ал «three fields» құрылғысы — Trifield Productions Ltd компаниясының сауда маркасы.
Назар аударыңыз: стандартты функциялар балама жинақтамаларды таңдағанда өзгеруі мүмкін. Стандартты функциялар көліктің қозғалтқыш нұсқасына және беріліс қорабына байланысты өзгеруі мүмкін.
Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөліктің жинақтамасына (модификацияларға және күштік агрегатқа) байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатар функция үшін қосымша компоненттер орнату қажет болады. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн-конфигураторды пайдаланыңыз.
Жүргізушіге қауіпсіз болған жағдайда ғана мультимедиалық функцияларды пайдалануға рұқсат етіледі. Жүргізушілер әрдайым автокөлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.
Pivi және InControl функциялары мен опцияларының, сондай-ақ бөгде жеткізушілер қызметтерінің қолжетімділігі нарыққа байланысты. Еліңіз бойынша бар-жоғы және толық талаптар туралы ақпаратты Land Rover ресми дилерінен нақтылап алыңыз. Кейбір мүмкіндіктер жазылымның болуын талап етеді, оны ресми дилер ұсынған бастапқы мерзімнен кейін ұзарту қажет болады. Мобильді желінің барлық жерде қамтылатынына кепілдік жоқ. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экран дизайны мен әрекеттер дәйектілігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ әртүрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды параметрлерге байланысты өзгертілуі мүмкін.