ЫМЫРАҒА КЕЛІСПЕЙ

Көпшілік үшін еліктеу үлгісіне айналады.

МӘНЕРЛІ ДИЗАЙН

CRAFTED WITHOUT COMPROMISE

ТАРТЫМДЫ ДИЗАЙН

Evoque Range Rover дизайнының өзіне тән қырларын сақтап қалды: «самғаған» төбе, үздіксіз белбеу сызығы және көлемді суреті бар жаңа әсем радиатор торы. Жаңа пиксельді жарықдиодты фаралар анық әрі бірден танылатын жарық суретін береді.
CRAFTED WITHOUT COMPROMISE

ТЫНЫШТЫҚ АТМОСФЕРАСЫ

Range Rover Evoque моделінің тыныш әрі ықшам салонында жаңа орталық консоль назарыңызды аудартады, онда жаңа беріліс қорабының селекторы, диагоналі 11,4 дюйм болатын «самғаған» иілген сенсорлы дисплей және жетілдірілген ұсақ-түйек бөлімі орналасқан.

ҚОСЫМША ЖАЙЛЫЛЫҚ ҮШІН ҚОСЫЛУ МҮМКІНДІКТЕРІ

PIVI PRO АҚПАРАТТЫҚ ОЙЫН-САУЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БУЫНЫ

Көптеген марапаттарға ие болған Pivi Pro ақпараттық және ойын-сауық жүйесі1 барлық функцияларды салон ортасында орналасқан жаңа «самғаған» 11,4 дюймдік иілген сенсорлық дисплейдің көмегімен басқаруға мүмкіндік береді. Барынша ыңғайлы болуы үшін дауыс зорайтқышты, климаттық жүйені және орындықтарды басқару құралдары әрдайым ыңғайлы жерде болады.

ЖҮРГІЗУШІНІҢ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕРІ

Автокөлікті басқаруды және тұраққа қоюды оңай әрі қауіпсіз етуге арналған функциялар таңдауға қолжетімді. Көптеген инновациялық технологиялар әр сапарды әлдеқайда жайлы етуге мүмкіндік береді.
AMAZON ALEXA

AMAZON ALEXA

Alexa-мен сөйлесіп,5 автокөліктің маңызды функцияларын басқарыңыз. Дауыс арқылы навигациядан бастап мультимедианы таңдауға дейін барлығын  — тіпті үйіңізде тұрған үйлесімді интеллектуалды құрылғыларды да басқаруға болады.
ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Pivi Pro жүйесі1 Интернет арқылы бағдарламалық құралды жаңарту функциясымен жарасымды үйлеседі,6бұл Range Rover Evoque көлігіңіздің технологияларын үнемі жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді. What3words навигациялық сервисі көліктің тұрған жерін дәл анықтау үшін үш сөзден құралған енгізу деректерін пайдаланады.
ҮНЕМІ БАЙЛАНЫСТА

ҮНЕМІ БАЙЛАНЫСТА

Сіз USB-C ағытпаларын пайдаланып, құрылғыларыңызды әрдайым дер кезінде зарядтай аласыз, демек, көлік ішіндегі барлық жолаушы айналадағы әлеммен үнемі байланыста болады. Бұл ретте сымсыз зарядтау жүйесі салондағы сымдар санын азайтуға мүмкіндік береді.
МІНСІЗ ҚАУІПСІЗДІК

МІНСІЗ ҚАУІПСІЗДІК

Барлық үлгіде стандартты кілтсіз кіру функциясы бар, көлікке жақындаған кезде есіктің тегіс тұтқалары автоматты түрде шығып, есіктер құлпы ашылады. Салпыншақ кілтті анықтау мүмкін болмағанда, есіктер құлыпталады.

ТЫНЫШТЫҚ АТМОСФЕРАСЫ

PLUS САЛОНДАҒЫ АУАНЫ ТАЗАРТУ ЖҮЙЕСІ

Осы санатта қолжетімді, ең жетілген бақылау технологияларын пайдалана отырып,2 Range Rover Evoque көлігіңізге орнатылған Plus салондағы ауаны тазарту жүйесі CO деңгейін қадағалай және бақылай отырып, сондай-ақ PM2,5 түйіршіктерін сүзуді қамтамасыз ете отырып, өзіңізді жақсы сезінуге,2 зейінді жақсартуға көмектеседі2 .

ЭЛЕКТРЛІ КЕРБЕЗДІК

Қозғалыс динамикасы жоғары электр жетегінің тиімділігі.

ЭЛЕКТР ТАРТУ КҮШІНДЕГІ ЖҮРІС ҚОРЫ

61KM**
Шынайы пайдалану жағдайларындағы күтілетін жүріс қоры — 47 км-ге дейін.

CO шығарындылары2 CO2 (БАСТАП)

33G/KM**
Электр жетегімен жүрген кезде шығарынды жоқ.

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ЗАРЯДТАУ УАҚЫТЫ

30MINUTES‡
Тұрақты токпен 0-ден 80%-ға дейін небәрі 30 минутта зарядталады.

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ЗАРЯДТАУ УАҚЫТЫ (БАСТАП)

2HOURS 12 MINUTES‡
Үйдегі 7 кВт қуаты бар айнымалы ток зарядтау құрылғысының көмегімен 100%-ға дейін.

ЭЛЕКТРЛІ ГИБРИД

PHEV («электр желісінен зарядталатын гибрид автокөлік») нұсқасындағы Range Rover Evoque әлемнің бар жетістігін сыйлайды: оған 80 кВт электрлік моторы мен Ingenium бензиндік қозғалтқышы орнатылған. Орташа күнделікті жүрісті EV режимінде ғана жасаңыз.7


P270e қозғалтқышы туралы толық ақпарат.

ЭЛЕКТРЛІ ГИБРИД

ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ЖЫЛДАМДЫҚ (ДЕЙІН)

213KM/H**

ЕҢ ЖОҒАРЫ ҚУАТ (ДЕЙІН)

204PS (150kW)**

0-100 КМ/САҒ

8,5SECONDS**
0-60 миля/сағ 7,9 секунд ішінде.

ШЫҒАРЫНДЫЛАР CO2 (БАСТАП)

166G/KM**
WLTP біріктірілген.

ДИЗЕЛЬДІК ЖҰМСАҚ ГИБРИД

«Жұмсақ» гибрид технологиясының көмегімен тежелу кезінде жоғалатын энергия жиналып, жинақталып, қайта қолданылады.


D200 қозғалтқышы туралы толық ақпарат

ДИЗЕЛЬДІК ЖҰМСАҚ ГИБРИД

ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ЖЫЛДАМДЫҚ (ДЕЙІН)

230KM/H*

ЕҢ ЖОҒАРЫ ҚУАТ (ДЕЙІН)

249PS (184kW)**

0-100 КМ/САҒ

7,6SECONDS**
0-60 миля/сағ 7,0 секунд ішінде.

ШЫҒАРЫНДЫЛАР CO2 (БАСТАП)

186G/KM±
Жаңа еуропалық жүріс цикліне (NEDC) негізделген.

БЕНЗИНДІК ЖҰМСАҚ ГИБРИД

Бензинді жұмсақ гибридтік қозғалтқыштарымыздың артықшылығы — динамикалық жетек үшін жауап беретін жеделдетумен жабдықталуында.


P250 қозғалтқышы туралы толық ақпарат.

БЕНЗИНДІК ЖҰМСАҚ ГИБРИД

ЖОЛСЫЗ ЖЕРМЕН ЖҮРУ ҚАБІЛЕТІ ЖОҒАРЫ

БЕЙІМДЕЛЕТІН ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖОЛМЕН ОҢТАЙЛЫ ІЛІНІСУ

ОПЦИЯЛАР МЕН АКСЕССУАРЛАР

АРНАЙЫ СІЗ ҮШІН

Жайлылықтың мінсіз деңгейі мұқият таңдалған опциялық пакеттермен және күнделікті өміріңізді әлдеқайда жағымды ететін аксессуарлармен толықтырылған.

ЖАҢА ДҮНИЕМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

МОДЕЛЬДЕР

МОДЕЛЬДЕР

Барлық қолжетімді жинақтамамен танысыңыз.
Range Rover Evoque

Range Rover Evoque

Қызықтыратын сипат.

**Бұл деректер заряды толық батарея жағдайында ЕО заңнамасына сәйкес өндіруші тарапынан жүргізілген ресми сынақтарына негізделген. Тек салыстыру мақсатында берілген. Нақты пайдалану жағдайларындағы көрсеткіштер өзгешеленуі мүмкін. CO2 шығарынды мәндері бензин үнемдеу, энергия тұтыну және жүріс қоры көрсеткіштері жүргізу стиліне, орта жағдайларына, таситын жүк, орнатылған дөңгелек және қосымша жабдық салмағына, ағымдағы бағыт және аккумулятордың күйіне байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қорының деректері стандартты маршрутта жүріп өткен сериялық автокөлік негізінде алынған.


±Берілген көрсеткіштер NEDC дерегіне сәйкес өндірушінің ресми сынақтары нәтижесінде есептелген. Қоршаған орта мен жүргізу мәнеріне байланысты мәндерде айырмашылық болуы мүмкін. Тек салыстыру мақсатында берілген. Нақты пайдалану жағдайларындағы көрсеткіштер өзгешеленуі мүмкін.


‡Зарядтау уақыты көптеген факторға, соның ішінде көлік жасына және күйіне, орта температурасы мен батарея зарядының деңгейіне, сондай-ақ зарядтау құрылғысы мен зарядтау ұзақтығына байланысты өзгеруі мүмкін.


*17 дюймдік немесе 18 дюймдік дөңгелекпен жабдықталған болса, 221 км/сағ.


1Pivi және InControl функциялары, опциялар, үшінші тарап жеткізушілерінің қызметтері және олардың қолжетімділігі нарыққа байланысты: оның қолжетімділігін Land Rover дилеріңізден нақтылап анықтаңыз және барлық талаппен танысыңыз. Кейбір функцияның жұмысы үшін деректерді беру бойынша келісімшарт аясында ұсынылған SIM-карта қажет, бұл бастапқы кезеңнен кейін дилеріңіздің кеңесімен қосымша жазылуды қажет етеді. Мобильдік желінің барлық жерде жұмыс істейтініне кепілдік берілмейді. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экранның безендірілуі мен іс-әрекеттер бірізділігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ түрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды баптауларға байланысты өзгертілуі мүмкін. Connected Navigation қызметінің жазылымы қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін оны Land Rover ресми дилеріне хабарласып ұзартуға болады.

203.03.2023 жылғы жағдайға сәйкес бәсекелес үлгілермен салыстырғанда.

3Ортаны көруге мүмкіндік беретін 3D-камера жүйесі. Кескін нақты уақыт режимінде көрсетілмейді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қоршаған жағдайды бақылау қажет. Жергілікті заңдарға сәйкес реттеледі.

4ClearSight Ground View жұмысы 360 айналадағы орта камералар жүйесіне байланысты. Кескін нақты уақыт режимінде көрсетілмейді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қоршаған жағдайды бақылау қажет. Қосымша опция.

6Тек үйлесімді смартфондар. Қолжетімділік қолданылатын мобильдік желіге, сигнал деңгейіне және клиент аккаунтына байланысты. Мобильдік деректер желісі немесе Wi-Fi қажет. Over The Air бағдарламалық жасақтаманы жаңарту мүмкіндігі жүргізушінің келісімін талап етеді және желіге қосылу ерекшеліктері мен нарықтағы қолжетімділікке байланысты болады.

72019 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде Range Rover Evoque моделінің бүкіл әлем бойынша 30 елде жинақталған InControl жүйесінің деректері негізінде есептелген орташа күндік жүрілетін жол (48 км). Батарея толық зарядталған күйде.


Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөлік жинақтамасына (модификация және күштік агрегат) және нарыққа байланысты өзгешеленуі мүмкін. Біраз функциялар үшін қосымша компонентті орнату қажет. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн конфигураторды пайдаланыңыз.


Жүргізуші мультимедиа функцияларын тек қауіпсіз жағдайда пайдалануы тиіс. Жүргізушілер көлікті толық бақылау астында ұстауы тиіс.


Apple CarPlay — Apple Inc. компаниясының сауда белгісі. Apple Inc. компаниясының соңғы пайдаланушы талаптары қолданылуы мүмкін.


Android Auto — Google LLC компаниясының сауда белгісі.


Meridian — Meridian Audio Ltd. Trifield компаниясының тіркелген сауда белгісі, ал «үш аймақ» құрылғысы — Trifield Productions Ltd компаниясының сауда белгісі.